«Мерей» бөбекжай- бақшасында жоспарға сәйкес мектепалды және ересек топтарының тәрбиешілері балаларға қауіпсіздік жаттығуларын ойын түрінде ұйымдастырып өтті. Өрт кезінде өзін қалай ұстау, жедел қызметтерге қалай қоңырау шалуға болатынын ойын барысында үйретті.
«Құтқарушы жолы» жаттығуы арқылы топ бөлмесінде қарапайым эвакуация жолын жасады. Балалар ретімен, жүгірмей жүруді жаттықты.