2025 жылдың 28 қазан күні Жетісай ауданының білім бөлімінің 2025 жылғы 21 қазандағы №274-н/қ бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері арасында «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» облыстық байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқаудың басты мақсаты – мектепке дейінгі ұйым әдіскерлерінің озық тәжірибесін анықтау, қолдау және насихаттау, кәсіби шеберлігін арттыру.
Байқауға «Мерей» бөбекжай бақшасының әдіскері Бибайша Аташбекқызы қатысып бас жүлдемен марапатталды.
Түркістан облысы бойынша өтетін
«Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» байқауына жолдама алған әріптесіміз Алпысова Бибайша Аташбекқызына сәттілік тілейміз!