Жетісай ауданының білім бөлімінің «Мерей» бөбекжай бақшасы»МКҚК-ның педагог психологі Г. Артықбай ата-аналарға арналған консультациялық пунктің жұмысы туралы түсіндірме жұмыстар жүргізді. Топтық жұмыс барысында педагогикалық әдістер мен тәсілдер туралы ата-аналарды хабардар ету, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін қалыптастыру, отбасында жағымды қарым-қатынастар орнату, баланың жеке даму ерекшеліктері негізінде түзету және дамыту технологияларымен, отбасы жағдайында тәрбиелеу процесін ұйымдастырумен таныстыру мақсатында жұмыстар жүргізді. Ата-аналар осындай ойындарды үй жағдайында балаларды ойнатуға болатынын үйреніп, ризашылықтарын білдірді.
